Алдағы үш күнде еліміздің барлық өңірінде жаңбыр жауады

/image/2023/06/19/crop-3_90_670x1191_full_16506092573f00750926294c4dedfa0829f5fbdbb2.jpg
Қазақстанның барлық аймағында алдағы үш күнде жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
 
"Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады", - деп жазылған  ведомство таратқан ақпаратта.
 
Синоптиктердің мәліметінше, жел күшейіп, дауыл соғады. Солтүстікте түнде ауа температурасы 5-13 градус жылы болады. Ал шығыста түнде сынап бағанасы 7-15 градусқа дейін төмендейді.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи