Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақстан барысы" турниріне бюджеттен бөлінген 1,075 млрд теңгенің қалай жұмсалғанын тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚМА ресми арнасы хабарлады.
"Басшылар мен мердігерлерден жауап алып, тінту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тергеу әрекеттері жалғасады", - делінген агенттік хабарламасында.
Құзырлы орган тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпараттарды жария етуге болмайтынын да атап өтті.
Оставить комментарий