Атырау облысы Құрманғазы ауданында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.
"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады. Күдіктілер Құрманғазы ауданының 39, 35 және 33 жастағы тұрғындары. Олардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 пышақ тәркіленді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру бабы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.