Алматы гарнизонының әскери соты "билік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған Алматы облысының 18 404 әскери бөлімнің қатардағы жауынгер Данияр Егембаевты 7 жылға бостандығынан айырды.
Оны сот залында қамауға алды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Былтыр 8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай Оразхан Талдықорған қаласында жеке көліктерімен кетіп бара жатқан жерінен арнайы жасақтың оғына ұшқан. Оқ тиген көліктің сау тамтығы қалмаған. Оқ бірнеше қарудан атылған деген де күдіктер айтылған.
Сот барысында жауынгер Данияр Егембаев Нұрболат Сейітқұлов пен оның қызы Нұрай Оразханның өліміне кінәлі деп танылған болатын. Алайда Алтынай Етаеваның қазасы жеке қарастырылады.
Жауынгердің ата-анасы сот үкімімен келіспеді.
Оставить комментарий