Flightraday24 сервисінің деректеріне сәйкес Ресей президенті Владимир Путиннің екі ұшағы 25 маусымға қараған түні Мәскеуге қонған.
24 маусымға қараған түні президенттік борттардың бірі Ресейдегі әскери қақтығыс кезінде Внуководан Санкт-Петербургке шұғыл түрде ұшып кеткен болатын. Ал күндіз Путиннің жеке ұшағы да Мәскеуден ұшып кеткен еді. Алайда Путин резиденцияларының бірі орналасқан Тверь облысында ұшақ радардан жоғалған. Екі ұшақтың қай бағытқа ұшқаны туралы дерек жоқ.
Кейін 25 маусымның түнінде Тверь облысында радарға қосылып, біраз уақыттан соң Мәскеуге қонған.
Еске салсақ, бұған дейін президент баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Ресей президентінің күні бойы Кремлде жұмыс істегенін, елден кетпегенін хабарлаған болатын.
Оставить комментарий