Төтенше жағдайлар министрлігі Астана маңындағы Талдыкөл көлі аймағындағы қамыс пен құрғақ шөптен шыққан өрттің сөндірілгені туралы хабарлады.
"Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптен гыққан өрт өшірілді"- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, өрт 19 маусым күні таңертең Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жолдың арасында 15 гектар аумақты алған. Өрт сөндірушу жұмыстарын қатты жел, батпақты жер және кіреберіс жолдардың жоқтығы қиындатқан. Өрт аумағы 50 гектарға, кейін 80 гектарға дейін жеткен.
Оставить комментарий