Министрлік Балқаштағы өртке қатысты соңғы ахуалды хабарлады

/image/2023/06/26/crop-36_14_644x1145_64994e3808f3e382003253.jpeg

Балқаштағы 150 гектарды құрайтын өрт шыққан еді. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Іле-Балқаш резерватындағы өрттің аумағы 120 гектарға дейін азайтылғанын хабарлады. 

“Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сондай-ақ "Іле-Балқаш "РММ 25 адамы және 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салсақ, Астана маңындағы өрттің бір аптадан кейін өшірілгені хабарланған еді. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи