"Бұйрық берген адамдар да сотталуы тиіс": Қаңтарға қатысты сотталған жауынгердің анасы үкіммен келіспейтінін айтты

/image/2023/06/26/crop-38_465_390x694_61bff999-2af5-4507-b000-2e291f8017a2.png

Бүгін Алматы гарнизонының әскери соты қаңтар оқиғасында оққа ұшқан отбасының ісіне байланысты сот үкімін шығарды. Сотта Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай Оразханның өліміне қатардағы жауынгер Данияр Егембаев кінәлі деп танылған. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сотталушы Егембаевтың анасы Аяужан Егембаева "ұлым бұйрықты орындаушы ғана, оның қасында 12-13 әскери қызметкер болған" деп мәлімдеді. 

"Жалғыз менің ұлымды кінәлі еткені әділетсіздік. Оның қасында тәжірибелі әскери қызметкерлер, офицерлер, ішкі істер органының арнаулы жасағы болды. Солардың бәрін сотқа әкелу керек еді. Ұлыма бұйрық берген командир де жоқ. 12-13 адамның ішінен тәжірибесі жоқ, 21 жастағы менің ұлымды ғана кінәлі етіп отыр. Бұйрық берген адамдар жауапқа тартылуға тиіс. Сотта 57 оқ атылғаны айтылды. Соның ішінде менің баламның 2 оғы ғана дәлелденіп отыр. Апелляциялық шағым түсіреміз, істі қайта тергеуді талап етеміз" деген сотталушының анасы Азаттық радиосына. 

Ал марқұм Сейітқұловтың әпкесі, жәбірленуші Дариға Дәуітәлиева "Сейітқұловтарға 120 оқ атылған" деп хабарлады. 

"Сот Нұрболат пен Нұрайдың басына тиген оқтарды ғана дәлелденді деп отыр. Оларға 120 оқ атылған. Бірақ бір адам ғана кінәлі боп шықты. Атқан адамның бәрі жауапқа тартылуға тиіс еді" - деді Дәуітәлиева. 

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи