Назарбаев тағы бір лауазымынан айырылды

/image/2023/06/29/crop-5_68_754x1340_080326155700.jpg

Сенат депутаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталған мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады. 

Аталған заң жобасына сәйкес енді экс-президент Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғары қамқоршылық кеңесінің, Назарбаев Университетінің және Назарбаев Қорының басшысы бола алмайды. Аталғалған мекемені президент басқаратын болады. 

Сондай-ақ, түзетулерде президент тағайындаған Қазақстан азаматы да жоғарғы кеңестің төрағасы бола алады делінген. Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.

Бұдан басқа, заң жобасы тағы бір өзгерісті көздейді: дарынды балаларды НЗМ-де оқытуға ақы төлеуге арналған "Өркен" білім беру грантын енді Тұңғыш президент емес, мемлекет басшысы құратын болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи