Енді заңсыз сыйақы алғандар 3 жылға сотталуы мүмкін

/image/2023/07/03/crop-138_65_519x923_3e9c5c2e-12f8-4e45-953d-b2b31771d88a.jpeg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске заңсыз сыйақы алған адамды 3 жылға соттауды ұсынды.

"Енді ірі көлемде сыйақы алған адамның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек, сотталған адамға  3 мың АЕК (10 350 000 теңге) айыппұл салынып, түзеу жұмыстарына немесе 800 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады" – делінген Ашық НҚА порталындағы хабарламада.

Құжат 17 шілдеге дейін ашық талқылауда болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи