Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізім шықты. Сондай-ақ, саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде" – деп жазды ведомство.
Агенттіктің ақпаратынша, 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында жалпы сомасы 269,3 млн теңге жымқырылған. Соған қатысты 21 іс тергеліп жатыр.
Оставить комментарий