Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтің ұлы Елнар Қансейіттің өлімі бойынша әскери қызметкер алты жарым жылға сотталды.
Алматы гарнизонының әскери соты Талдықорғандағы N18404 әскери бөлімінің аға сержанты 33 жастағы Серікбол Мұратханды Қылмыстық кодекстің "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп таныған. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады.
Бұған дейін прокурор жауынгер Серікбол Мұратханды 7 жылға соттауды сұраған.
Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Серікбол Мұратхан соңғы сөзінде қару атпағанын, жазықсыз екенін тағы қайталаған.
Оставить комментарий