Иран ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды

/image/2023/07/05/crop-24_24_647x1151_80e122fe-8ec4-45ac-8baf-075fdd76e614.jpeg

Иран Ислам Республикасы ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның ХХІІІ саммитінде қабылданды. 

Иран мемлекетаралық бірлестіктің 9-шы мүшесі атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінде Иранның ұйымға қосылуы туралы меморандумға қол қойылған еді.

Еске сала кетейік, ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылған. Алғашқы кезде ұйымға 6 мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше болса, 2017 жылы олардың қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи