16 мың гектар жайылымдық жерді шегіртке жайлады

/image/2023/07/10/crop-13_40_330x587_31efe8a0-9785-4315-b99f-9886db29a8a2.png

Қостанай облысында 16 мың гектар жайылымдық жерді шегіртке жайлады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Зерттеу нәтижесі бойынша, екі ауданның аумағындағы 16 мың гектар жайылымдық жерде жәндіктер таралғанын анықтадық. Сол күні кешке фитосанитарлық іс-шаралар басталды" – деп жазылған хабарламада.

Ауылшаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жайылымдық жерлерді жәндіктерден сақтап қалуға болады. 

Сондай-ақ ол Қостанай облысындағы егіс алқабы 4,6 млн гектарды құрайтынын, оның 500 гектары ғана зардап шеккенін мәлімдеді. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи