Бауыржан Байбектің әкесіне 51 мың теңге айыппұл салынды

/image/2023/07/13/crop-45_17_446x793_5f42941b-70eb-42a5-933d-dee3c53483bf.jpeg

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесіне айыппұл салынды. Экс-әкімнің әкесі Қыдырғали Байбек 51 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қыдырғали Байбекке қатысты істі қарады. Сот онлайн режимінде өтті. Сотталушының өзі сот отырысына қатысқан жоқ. Қыдырғали Байбек тиісті құқығы жоқ жер учаскесін заңсыз пайдаланып, кәсiбін ресми тіркемегені анықталды.

Сот Қыдырғали Байбекті ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 51 750 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи