Алматыда орыс князі Александр Невскийге ескерткіш қойылды. Ескерткіш Алматыдағы Александр Невский шіркеуі аумағына орнатылған.
Ескерткіштің ашылуына Алматы әкімі Ерболат Досаев, Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский қатысты. Досаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ал Мединский Ресей президенті Владимир Путиннің құттықтау сөзін оқыды.
Бұған дейін ескерткіштің ашылуына азаматтық белсенділер қарсы болған. Тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағанбетов Exclusive.kz басылымына берген сұхбатында "Александр Невскийге ескерткіш орнату — Қазақстан аумағындағы Ресей пропагандасының жалғасы" деген болатын.
Оставить комментарий