Абай даңғылындағы жаңа жөндеу учаскелері анықталды
Абай даңғылында Байтұрсынұлы көшесінен Есентай өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары басталады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 17 шілдедегі сағат 23-00-ден 19 шілдедегі сағат 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағымен толық жабылатын полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жабық учаскені айналып өту Шевченко көшесі, Құрманғазы көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, Сәтбаев көшесі арқылы жүзеге асырылады. Байтұрсынұлы көшесі бойынша көліктің өтпелі қозғалысы қолжетімді болады.
Шагабутдинов көшесінен оңтүстік бағытта Абай даңғылына өту және Шәріпов көшесіне Абай даңғылынан солтүстік бағытта өту 17 шілде сағат 23-00-ден 19 шілде сағат 06-00-ге дейін шектеледі.
Оставить комментарий