"4 жасар баланы түлкі қауып алған": Ақтөбедегі ауылдардың бірінде карантин жарияланды

/image/2023/07/18/crop-14_14_660x1173_64b66df5cb002277255877.jpg

Ақтөбе облысында түлкі 4 жасар баланы қауып алды. Түлкінің құтырма ауруына шалдыққаны белгілі болды, деп жазады "Мой город". 

Оқиға 4 шілде күні болған. Баланың әкесі сол ауылда шаруа қожалығын басқарады. Бала отбасымен бірге өзенге шомылуға барған кезде қамыс арасынан түлкі шығып, шабуыл жасаған. 

Шұғыл түрде баланы Қобда ауданындағы ауруханаға жеткізіледі. Түлкі баланың мұрны, маңдайы және қабақ тұсынан тістеп алған. Сондай-ақ оның жамбасы мен балтырында, самай аймағында тырнақ ізі қалған.

Ал түлкіні өлтіріп, сараптама жіберген. Сараптама нәтижесінде жануардан құтыру ауруының белгісі анықталған. 

Бала құтырмаға қарсы екпе алады, профилактикалық ем 28 күнге созылады. Балаға ауыл дәрігері қарап жатыр.

"Шаруа шаруашылығында 21 күн карантин жарияланды, ауылдан мал шығаруға және әкелуге болмайды. Ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді сыртқа шығаруға болмайды", - деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи