Алматыда екі есірткі зертханасы табылды

/image/2023/07/19/crop-61_44_608x1080_18019a21-dbea-43b0-8ef6-41b718990dbd.jpeg

12 және 14 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген іс-шаралар нәтижесінде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 10 келіден аса мефедрон, 15 тоннаға жуық прекурсор, 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар тәркіленген. 4 Қазақстан азаматы есірткі әзірлеп жатқан жерінен ұсталып, қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, ҰҚК жыл басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналарын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорларды тәркіледі.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи