Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда азаппен өлтірілген Алмас Мұқашевтің ісі бойынша ҰҚК-нің 2 қызметкері сотталды.
Мұқашевті азаптап өлтірді деген айыппен ҰҚК қызметкері Әнет Байтұрсынов 10 жылға сотталды.
Сот "естіген ақпаратын тиісті органға жеткізбеді" деген айыппен ҰҚК-нің тағы бір қызметкері Андрей Сорокинды 4 жылға түрмеге кесіп, пробациялық бақылауға алды.
Еске сала кетейік, ролиция 2022 жылы 8 қаңтарда полиция Алмас Мұқашевті көшеде әйелімен кетіп бара жатқанда күшпен ұстап әкеткен. 5 күн өткеннен кейін Алмастың сүйегін туыстары мәйітханадан тапты.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Оставить комментарий