20 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында көршісінің қолынан қаза тапқан бес жасар сәбидің жетісіне жиналған жұрт наразылыққа шығып, тергеуді әділ өткізуді талап етті.
Бір топ әйел "Педофилдерге өлім!", "Әділ сот болсын!" деген жазуы бар плакат ұстап, Жібек жолы ауылының ішімен өтіп, қазақ-өзбек шекара бекетіне апаратын күре жолды жапқан. Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ келген. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Жиналғандардың айтуынша, қыздың өліміне байланысты тергеуге тағы бір күдікті шақырылған, кейін оны босатқан. Тұрғындар "сот-медициналық сараптама қорытындысы шықпай, күдіктіні шығаруға болмайды" деп талап қойған.
Оставить комментарий