АҚШ төрт қырғыз компаниясына санкция салды. Санкцияға RM Design and Development, GTME Technologies, Progress Leader және Cargoline компаниясы іліккен.
"Бұл Ресейдің мүмкіндіктерін шектеуге бағытталған тағы бір қадам. Қырғызстандық компаниялар Ресей Украинаға басып кіргеннен бері Ресейге электронды құрамдас бөліктер мен технологияларды экспорттап отырған" - деді бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі.
Осыдан 2 күн бұрын БАҚ-та Қырғызстанға қарсы санкциялар салынуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Ал Қазақстанның СІМ қызметкері Алмас Айдаров "соңғы санкциялар пакетінен Қазақстанға қауіп жоқ және бізге шектеу қоюға ешқандай алғышарттар да жоқ" деп мәлімдеген.
Оставить комментарий