Құранды өртеу акциясынан кейін Катар Швеция елшісіне наразылық меморандумын тапсырды

/image/2023/07/21/crop-14_0_664x1181_66292536_605.jpg
 
Скандинавия елінде Құранды бірнеше рет қорлау фактісіне байланысты наразылық білдіру үшін Катардың сыртқы істер министрлігі Швеция елшісін шақырды. 
 
"Катар сыртқы істер министрлігі Исламға және Құранға қарсы жалғасып жатқан теріс әрекеттерге байланысты Швеция елшісін шақырып, оған ресми наразылық меморандум тапсырылғанын хабарлайды. Бұл меморандумда Швеция билігін осы теріс әрекеттерді тоқтатуға шақырған үндеу де бар", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
 
Маусым айының соңында Стокгольмде Құрбан айтты тойлау кезінде Құранды қорлаған және өртеген акция өтті. Бұл әлемнің көптеген елінде шу тудырды. Бірқатар ислам мемлекеті Швеция билігінің әрекетін қатаң сынға алды. Иракта елдің елшілігінде жаппай наразылық шерулері өтті, наразы халық иммигрантты жазалау үшін сотқа беруді талап етті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи