Сәдуақас Байғабылов 2,5 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

/image/2023/07/26/crop-23_12_424x754_photo_114714.png

Сараптама орталығының экс-басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі растады.

"Сотқа дейінгі тергеу анықтағандай, Асхат Манкеев қызмет бойынша ауысу үшін өз бастығы – Ұлттық сараптама орталығы төрағасының экс-орынбасары Сәдуақас Байғабыловқа ақша берген", – деп атап өтті комитеттегілер.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы Байғабыловқа ("Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасарына) ақша бергені анықталды.

Ол орталық филиалы директорын басқа қызметке ауыстыру үшін 2,5 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи