Биыл 87 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған

/image/2023/07/26/crop-12_15_274x487_2ed3cf13-759a-4869-950d-ba8e374ca4d0.jpeg

Жыл басынан бері Ресейде тұратын 87 мың тәжік Ресей азаматтығын алған. Бұл былтырғы көрсеткішпен  салыстырғанда 13 мың адамға көп.

Ozodi радиосының хабарлауынша, күн сайын 500 тәжікстандық Ресей азаматтығын алады. Соңғы үш жылда РФ азаматтығын алғысы келген тәжік саны көбейген.

2020 жылы 63 мың тәжік халқының өкілі Ресей азаматтағын алса, 2021 жылы 103 мыңнан астам ажам ресейлік атанған. Ал былтыр 173 мыңнан астам тәжік ұлтының өкілі Ресейдің төлқұжатына ие болған.

Ресей төлқұжатын алу жағынан Украинаның азаматтары екінші орында тұр. Жарты жылда 39 мың украин халқының өкілі төлқұжатын ауыстырған.

Дегенмен Ресей ІІМ мәліметіне қарағанда, шетелдіктер арасында Ресей азаматтығын алушылар азайған. Биыл соңғы жарты жылда 205 мың шетелдік Ресей азаматтығын алған. Былтыр бұл көрсеткіш 500 мыңнан асқан болатын.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи