Сот Марғұлан Боранбаевты мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қабылдамады.
Бұған дейін депутат Ермұрат Бапи белсенділерді босатуды сұрап, Бас прокуратураға сауал жолдаған болатын. Кейін адвокат Айман Омарова да Өскемен қалалық сотына Боранбаевты мерзімінен бұрын босату жөнінде өтініш білдірген еді. Алайда, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Еске сала кетейік, Марғұлан Боранбай билікті басып алуды насихаттады және ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталып, 2022 жылдың наурызында 5 жылға сотталған болатын.
Оставить комментарий