Елімізде жалдамады пәтер бағасы тағы да шарықтады

/image/2023/07/27/crop-3_5_153x272_0516f1b4-4efe-4024-984d-e33b385e7171.jpeg

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны тағы да қымбаттай бастады. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.

27 маусым мен 26 шілде аралығын салыстырғанда, баға 1 айда 4,2% өскен. Өсім 13 қаланың 11-інен байқалады.

Тұрғын үйді жалға беру бағасына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша:

  • Қостанай, Петропавлда – 10%;
  • Алматы, Шымкентте – 7%;
  • Ақтауда – 5%;
  • Ақтөбеде – 4%;
  • Астана, Қарағанды, Оралда – 3%;
  • Павлодар, Көкшетаудa 2%-ға артты.

Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайыз төмендеді.

Сұранысқа қарай жалдау бағасының өсуі шілденің ортасында басталды.

27 шілдедегі тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы мынадай:

  • бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
  • екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
  • үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи