Түркістан облысында жер сілкінісі болды

/image/2023/07/28/crop-14_72_648x1152_meksika.jpg

Түркістан облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық деректер орталығы.

ҰЯО ГЗИ деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері 2023 жылғы 27 шілдеде Астана уақытымен сағат 05:52-де Шардарадан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелген. Магнитудасы 4,1 болады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6.

Еске салайық, 22 шілдеде Алматы сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстікке қарай 299 шақырым жерде орналасқан.

 
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи