Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

/image/2023/07/31/crop-0_25_394x700_3184d48c-9473-44d1-8b9b-0aed4ea4ed34.jpeg

Синоптиктер 2023 жылдың 1-3 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты болады. Салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің батыс аймақтарында қысым күшейеді - жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Температура фонындағы елеулі ауытқулар болжанбайды", – дейді синоптиктер.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи