Қарағанды облысындағы балалардың жаппай улануына байланысты тергеу басталды

/image/2023/08/01/crop-12_30_304x541_e5dbc5e36a86d0790fb4d7e2ccaf3cf3_resize_w_742_h_365.jpeg

Қарағанды облысындағы балалардың жаппай улануына байланысты тергеу басталды. Бұл туралы  ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"31.07.2023 жылы балалардың тамақтан улану фактісі бойынша «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының бақылауына қабылданды", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Елімізде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекеме бар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи