Түркиядағы жол апаты: Ауруханада тағы бір қазақстандық қаза тапты

/image/2023/08/03/crop-19_130_654x1162_2019_08_19_arys-aurukhana.jpg

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандықтың қаза тапқаны хабарланды. Бұған дейін  Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, бір қазақстандықтың денесі елге жеткізілген болатын. 

Кеше түнде түркиялық дәрігерлер тағы бір Қазақстан азаматының Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болғанын айтқан. 

"Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи