Қарағандыда уланған екі бала өте ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
"Бізден басқа полиция тексеріп, сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Екі бала комада. Түскеннен бері жағдайлары өте ауыр. Барлық дәрігерлер әсіресе, республикалық деңгейдегі дәрігерлер күн сайын қарап, балаларға көмектесуде", - дейді Ажар Ғиният.
Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны болатын. Уланған балалардың бірі көз жұмды.
Оставить комментарий