Астанада 663 млн теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

/image/2023/08/09/crop-8_13_413x734_72fd0077-95c1-4d3c-8e83-10127cc3451b.jpeg

Астанада мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуы тексерілді.

Қалалық прокуратура мәліметінше, тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін  663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды. 

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді" – делінген хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи