Абай облысындағы орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлері наразылыққа шықты

/image/2023/08/11/crop-1_105_359x639_c6e26a7a-cb97-46a0-8ded-2bdc1d8ef583.jpeg

Абай облысындағы орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлері жалақыны көтеруді сұрап, наразылыққа шықты.

Наразыларға шілде айында еңбекақыны 100%-ға көтеруге уәде берілген. Кейіннен барлығының емес тек кейбіреуінің ғана жалақысы артқаны белгілі болған.  Химиктер, жүргізушілер және радио операторларының еңбекақысы өзгеріссіз қалған. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі жазды.

Бүгін сағат 10:00-де қызметкерлер "Семей орманы" басшылығымен кездесіп, өз талаптарын айтқан. Кездесуде қандай шешім қабылданғаны әлі белгісіз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи