Алматыда жалпы құны 7 млрд теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды.
Халықаралық клубтар қауымдастығы ЖШС-не қосалқы шаруашылық жүргізу үшін Алматы облысының Қарасай ауданынан көлемі 30,9 гектар жер телімі берілген. Алайда мекеме жер телімінің кадастрлық құнын жылдар бойы төлемей келген.
Осыны ескерген Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық соты жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеді.
Оставить комментарий