Маңғыстау облысында құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

/image/2023/08/17/crop-59_43_473x841_d586d157-f1f6-43da-9024-f574af9dfad4.jpeg

Маңғыстау облысында құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

"Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га болатын, 94 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімдері де бар", - деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи