2024 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсетіні хабарланды

/image/2023/08/21/crop-6_29_527x938_2021_07_12_pensiya.jpg

Қазақстан Республикасы заңының жобасында зейнетақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен АЕК көлемі көрсетілген.  Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Заң жобасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей сома жоспарланып отыр:

  • ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.

Сондай-ақ жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері 9,0%-ға арттырылуы мүмкін.

Сонымен қатар құжатта 2024 жылға арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың мөлшері белгіленген. Ол мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ын құрайды.

«Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленді», - делінген құжатта.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи