Төтенше жағдайлар министрлігіне дрондар сатып алу үшін 633 млн теңге бөлінді

/image/2023/08/21/crop-128_24_372x661_photo_5411234244488972634_y.jpg

Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді. 

Бұл ақшаға 71 дрон мен 5 су ағызатын құрылғы сатып алынады. Қазір ведомствода тек 27 дрон ғана бар.

"Биыл өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар дрондардың жетпейтінін көрсетті. Ашық су қоймаларынан су жеткізуге арналған 12 су ағызатын құрал бар. Жаңа құралдар сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайларда тиімді болмақ", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи