Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті

/image/2023/08/22/crop-44_34_544x967_ef8d7f98-6fab-426d-8b4e-58c0a12c7fed.jpeg

Түркістан облысы Отырар ауданында Сырдария өзеніне шомылуға барған 11 адам суға батып опат болды. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиға 21 тамызда түстен кейін Көксарай елді мекенінен үш шақырымдай жерде болған деп хабарлады.

Құтқарушылар дарияға батып мерт болған сегіз адамды судан шығарған, оның алтауы – кәмелет жасына толмаған бала. Үш адам (екеуі кәмелетке толмаған) әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қаза болғандар – Көксарай ауылында тұратын төрт ағайынды отбасының мүшелері. Суға шомылуға барлығы 20 адам барған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи