"Көмір қабаттары жанып жатыр": Шахтадағы өрт ауыздықталар емес

/image/2023/08/22/crop-94_146_329x586_thumbs_b_c_49ff4122e24945c81ac8d23d62a3709a.jpg

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында өрт сөндіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрттің қашан толық сөндірілетінін тап басып айта алмайтынын мәлімдеді. 

Министр бастапқыда шахтада транспортерлік таспа жанып, одан от көмір қабаттарына жайылғанын хабарлады. Сол себепті өрт сөндіру жұмыстары ұзаққа созылған. Бұл туралы Ulysmedia.kz басылымы жазды. 

"Өртті сөндіру оңай мәселе емес, құтқарушылар тыныс алуға жарамсыз ортада, жоғары температурада жұмыс істеп жатыр. Бұл жер бетіндегі емес өртті сөндіру. Шахтада бұл өте қиын, арнайы технологиялар, ережелер бар", - деді ол.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. Өрт кезінде жер астында барлығы 227 жұмысшы болған.

Шахтадағы өрттен шыға алмай қалған бес кенші  қаза тауып, "АрселорМиттал Теміртау" аза тұту күнін жариялаған болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи