Думан Мұхамедкәрім: Талабым орындалмаса аштық жариялап, саусағымды шабамын

/image/2023/08/22/crop-19_5_638x1134_01000000-0aff-0242-9815-08db5dcdebb5_cx0_cy10_cw0_w1200_r1.webp

Талдықорған қаласындағы тергеу абақтысында отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы туралы адвокаты мәлімдеме жасады. Адвокат Жалғас Сапархановтың айтуынша, қамаудағы журналист саусағын шауып, қайта аштық жарияламақ болған. 

Думан Мұхамедкәрім бұған дейін өзін Алматы қаласындағы №72 мекемесіне ауыстыру туралы талап қойған болатын. Әлі күнге дейін журналистің талабы орындалмады.

"Ата-анасы зейнеткер жаста болғандықтан, олардың келіп-кетуін алаңдайды, уайымдайды. Осы талабы орындалмай жатқандықтан, 19.08.2023 жылы күндіз сағат 15:00 шамасында сол қолындағы бесінші, кіші саусағын шаппақ болған, қапаста ешбір темір зат болмағандықтан, пластикалық затты алып саусағын шаппақ болғанда пластикалық зат сынып кеткен, нәтижесінде саусағы жырылып, көгеріп, ісіп кеткен. Көріп, уайымдап қалдым, талабым орындалмайынша саусағымды бір күні шабамын деп отыр", деп жазды адвокат. 

Думан Мұхамедкәрім бүгіннен бастап талабы орындалмайтын болса 1 қыркүйектен бастап аштық жариялап, саусағын шабатынын айтқан. 

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи