Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу бастады.
"Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нен Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа және басқаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өндіріске қабылдады. Тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді" – делінген ведомствоның informburo.kz сауалына берген жауабында. Бұл туралы Оrda.kz жазды.
Еске сала кетейік, Ғалымжан Жақиянов 1994-1997 жылдар арасында Семей облысының әкімі, одан кейін Стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігін басшысы, 1997-2001 жылдары Павлодар облысының әкімі қызметін атқарған.
2001 жылы Жақиянов 2018 жылы Астана соты экстремистік ұйым деп таныған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық бірлестігін құруға қатысқан.
2002 жылы Жақиянов билігін асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. "Азаттық" радиосының хабарлауынша, қылмыстық істе мемлекетке 116 мың АҚШ доллары көлемінде келтірілген залал келтірілген.
2006 жылы Жақиянов шартты түрде бостандыққа шығып, бірнеше жылдан кейін Қазақстаннан көшіп кеткен болатын.
Оставить комментарий