Назарбаев кеңсесі мен кітапханасы енді бюджеттен қаржыландырылмайды

/image/2023/08/23/crop-37_61_1407x2501_nazarbaev-ruy-scaled.jpg

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында тұңғыш президент кеңсесі мен кітапханасы қызметіне қаражат қарастырылмаған. Тиісті өзгерістер «Ашық құқықтық актілер» порталында жарияланған.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда Тұңғыш Президент кеңсесіне жұмсалатын шығыстар, сондай-ақ Назарбаевтың өзінің және оның кітапханасы қызметін қамтамасыз ету қызметтері белгіленгені көңіл аударарлық. 

Нәтижесінде қазірдің өзінде қабылданған заң бойынша: 2023 жылы кеңсеге 1,6 млрд теңге, 2024 жылы – 1,9 млрд теңге, 2025 жылы – 2,1 млрд теңге бөлінеді.

Кітапхана шығындары жоспарланды:

2023 жылы – 960 млн.теңге,2024 жылы – 1,2 млрд.теңге,2025 жылы – 1,3 млрд.

Назарбаевтың өз басына қатысты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері үшін:

2023 жылы – 600 млн. теңге,2024 жылы – 800 млн. теңге,2025 жылы – 800 млн.теңге.

Енді «егер жаңа заң жобасына сәйкес 2026 жылға дейін бұндай шығындар қарастырылмаса, осы мақсаттарға бюджеттен ақша бөліне ме?» деген сұрақ туындайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи