Алматыда 40 шетел азаматы елден шығарылды

/image/2023/08/25/crop-12_14_647x1151_c3fcbef1-2659-481c-90d5-9bf7b98ba639.jpeg

Алматыда 40 шет ел азаматы елден шығарылды. Бұл туралы көші-қон қызметі мәлім етті.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралв заңнамасын бұзған. Олар елде заңсыз жүрген.

"Бір аптаның ішінде 216 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 38 алыс шетел азаматы (Африка елдерінен – 17; Түркиядан 11 адам),көршілес елдердің 178 азаматы бар. Сонымен қатар, 105 шетел азаматының (Өзбекстаннан – 66, Тәжікстаннан – 25 және Нигериядан – 8) жеке басын куәландыратын құжаты болмай, қабылдап-таратуға орналастырылды. Сот шешімімен Қазақстаннан 40 шетелдік шығарылды. Оның 22-сі – Өзбекстан азаматы, 11-і – Нигерия азаматы" – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарын қабылдаған 54 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи