Референдум: Мәселе АЭС-те емес, оны қай мемлекеттің салатынында…

/image/2023/09/01/crop-57_41_662x1178_prezentatsiya1.jpg

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтетінін айтты.  АЭС құрылысы – қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі. Осыған байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі өткен аптада сауалнама жариялаған болатын. Сауалнама нәтижесінде халыққа "АЭС салу-салмау" мәселесі емес оны салумен қай мемлекет айналысатыны маңызды екенін анықтадық. 

2022 жылдың қарашасында АЭС құрылысына француздық Assystem компаниясы көмектесетіні айтылды. Алайда кейіннен премьер-министр Әлихан Смайылов АЭС салумен Ресейлік "Росатом" компаниясы айналысуы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл жайында кейбір зерттеушілер "Ресейді таңдасақ, одан бетер тәуелді бола түсеміз" деп пікір білдірген еді. 

“АЭС-ыңды алғаны, жүрекке пышақ салғаны…” дейді білетіндер. Ендеше АЭС керек пе, керек болса оны қай мемлекет салғаны дүрыс? Референдум осы екі мәселені қатар анықтағаны дұрыс!

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи