Қазақстанда еркектердің жалақысы әйелдерге қарағанда 34%-ға көп. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2022 жылы еркектердің орташа айлығы 355,3 мың теңге болса, әйелдердікі 265,8 мың теңге болған. Жалақыдағы айырмашылық деңгейі — 33,7%.
Кей өңірде жалақы алшақтығы бұдан да жоғары. Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдерден 2 есеге, Атырауда – 86%-ға, Ұлытауда – 68%-ға артық.
Қазақстан бойынша Жетісу облысында ғана әйелдердің жалақысы ерлерден көбірек. Оның өзінде 3,1%-ға ғана. Жалақыдағы ең аз айырмашылық Жамбыл (1,9%), Алматы (2,5%) және Солтүстік Қазақстан (5,5%) облыстарында тіркелген.
Оставить комментарий