Биыл күзгі әскерге шақыру науқанында 19 мыңнан аса қазақстандық әскер қатарына шақырылады. Жоспарға бойынша Астана мен Алматыдан екі мыңға жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілетін болады.
"Әскерге шақырылушылардың моральдық-психологиялық деңгейі жоғары екенін айта кетейін. Олар медициналық комиссияның бірнеше кезеңінен сәтті өтті. Медициналық көрсеткіштерге қарай көктемде шақырылатындар да бар. Денсаулығын қалпына келтіру үшін бір жылдан кейін шақырылатындар бар" – деді Ғани Артықов.
Әскер шақырылған азаматтар ҰҚК Шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне қызмет етуге жіберіледі. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады.