Петропавлда үй өртеніп 1 әйел мен 2 сәби қаза тапты

/image/2023/09/26/crop-58_106_852x1516_izobrazhenie-whatsapp-2023-09-26-v-01.27.51.jpg

25 қыркүйек күні кешкі уақытта Петропавл қаласындағы жекеменшік үй өртенді. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, өрт сөндірушілер өртенген үйден бір әйел мен 2 баланың денесін тапқан. 

Қаза тапқан әйел 2003 жылғы, ал сәбилер 2018 және 2022 жылы туған, деп жазады "Петропавловск.news" ақпараттық агенттігі. 

"Өрт шыққан кезде сол үйде тұратын қыздың бірі терезені сындырып, сыртқа шыққан. Қаза тапқан әйел мен сәбилерді де терезеден шығармақшы болған. Алайда олар есіктен шығамыз деп ойлаған. Алайда үлгермеген", дейді мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов. 

Қазір тергеушілер үйдің иесі мен өрттің себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи