Енді 6 жыл шыдасақ, қазақ билігінен Тоқаев та кетеді.
Осылай деп, кәдімгідей үміттеніп жүрген қазақтар бар екен әлі...
Президент "тура қалай айтса, дәл солай болады", дегенге сенетіндер бар.
Назарбаев не деп еді?
"2000 жылы мерзімім аяқталады, Конституцияға сәйкес одан ары президент бола алмаймын" деген.
Назарбаев не демеді? "Араб Әмірліктерінен бай тұратын боламыз" деген.
Ал, қайда?
Тоқаев та жеті жылдан кейін кете қалмас.
Билік деген – біреуге бере салатын дүние емес.
Совет заманында өңшең қарт-құртаңдар отырды емес пе, өле-өлгенше, алып елді билеп-төстеп, миллиондаған халықтың тағдырын шешіп.
Оларға ешқандай да реформа керек емес, оларға керегі – тек билік қана.
Ешбір халықтар мен елдерге диктаторлар ешқашан еш жақсылық әкелмеген. Бұл деген аксиома.
Қазақстан тәуелсіздігінің 32 жылы да осыған куә.
Билікте диктатор отыр дегенің, халықтың сорлағаны, бұл соғыс пен ажал. Диктатормен көркейген, оңған ел болмаған. Гитлер, Муссолини, Сталин мен Путин осының дәлелі.
Кез-келген ел мен халықтың бағы ашылып кетуі үшін еркін қоғам мен әділ сайлау керек.
Қазақты бүгінгі билігімен бірге алдағы уақытта өте ауыр, қиын-қыстау заман ғана күтіп тұр.
Ендеше, Оян қазақ, ойлан қазақ!
Қамбар Жүсіпов
Оставить комментарий