"800-ден астам мектепте асхана жоқ": Депутат оқушыларды тегін тамақтандыру мәселесі туралы айтты

/image/2023/10/11/crop-5_180_669x1189_63c7d90eebf7b596976321.webp

Бүгін Мәжілісте өткен отырыста депутат Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі 800-ден астам мектепте асхана жоқ екенін айтты. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі барлық бастауыш сынып оқушыларын тамақпен қамтамасыз ету міндеттелді. Халық арасында жоғары қолдау тапқан жоба болды. Қазір 1,5 млн бала мектепте тегін тамақпен қамтылып отыр. Десе де бұған қатысты сын айтылып жаты. Қазір 800-ден астам мектепте асхана жоқ", деді депутат.

Бұған қатысты Ғайни Бейсембаев жауап берді. Министр депутаттың ақпаратын растамады. Оның айтуынша, 591 мектепте асхана жоқ. 

"Асханасы жоқ мектептерге байланысты 591 мектепте асхана жоқ. Осы бағытта буфеттік және кейтринг бойынша тамақтандыру жүріп жатыр", деді министр. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи